11-20 сәуірде профессор Замир Росстың (Миссиссиппи университеті, Оксфорд қ., АҚШ) «Табиғи қосылыстар және оларды қазіргі замандағы физикалық-химиялық әдістермен анықтау химиясы» атты дәрісі өтеді

Құрметті ЕҰУ профессорлары мен оқытушылары, қызметкерлері, магистранттары мен PhD докторанттары және студенттері!

Сіздерді 2013 жылдың 11- 20 сәуір аралығында 823 ауд. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқу-зертханалық ғимараты) профессор Замир Росстың (Миссиссиппи университеті, Оксфорд қ., АҚШ) «Табиғи қосылыстар және оларды қазіргі замандағы физикалық-химиялық әдістермен анықтау химиясы» тақырыбы бойынша өтетін дәрісіне шақырамыз.

Келемін деушілерге есік ашық. Химия кафедрасы магистранттарының келуі міндетті.

Байланыс: +7 701 683 49 83, 70 12 25. Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы