«Жаратылыстану ғылымдар факультетінің ғылым апталығының» ашылуы 12 сәуірде «Отырар» кітапханасының конференц-залында өтеді.
Бағдарлама бойынша ЖҒФ деканы Нэля Шапекованың құттықтау сөзі, профессор М.Ж. Нұрышевтың, доцент З.Ж. Нұрғалиева мен Б.Б. Торсықбаеваның кітабының тұсаукесері және факультет ғалымдарының жетістіктеріне арналған көрме ұсынылатын болады.
Сондай-ақ, «Қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі мәселелері» атты жас ғалымдар байқауы, факультет ғалымдарын марапаттау, географтар мен гидрологтардың шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
13 сәуірде Астана ЖОО-ларының биотехнологтары (бакалавр, магистрант және PhD докторант) арасында пікірсайыс турнирі өтеді.
18 және 19 сәуірде ЖҒФ-те «ХХІ ғасырдағы биотехнология» атты IV Студенттер форумы өтеді.