G-Globаl-ды қолдайық!

Еске сала кетейік, «G-global» коммуникативті алаңының ресми сайтында оқытушы-профессорлар құрамын, докторанттар мен магистранттарды және студенттерді тіркеу жалғасуда http://www.group-global.org/.

«Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» қауымдастығы жариялаған байқауларға қатысуға болады. Байқау туралы Ереже «G-global» коммуникативті алаңының сайтында орналастырылған http://www.group-global.org/page/view/12.

Студенттер, магистранттар және PhD докторанттар G-global-да Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы өзекті тақырыптар бойынша онлайн-пікірсайыстар ұйымдастыра алады.

Сондай-ақ, өз ғылыми еңбегіңіздің нәтижелерін жариялауға, әлемдік экономиканың даму бағыты және жеке мемлекеттер жайлы пікірлеріңізді білдіруге, сонымен қатар G20 елдері үшін әлемдік экономикада қаржы дағдарысынан шығу жолдарын ұсына аласыздар.

Техникалық сұрақтар бойынша «G-Global» жастар қозғалысын қолдау штабының үйлестірушісі Мұқанов Айдар Хамзеұлына хабарласуларыңызға болады. Тел.: +7 701 7407541, aidar81hamzauli@mail.ru.

Мұнымен қоса, «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» ЗТБ қолданушылар қатарындағы ЖОО білім алушылары мен қызметкерлері арасында байқау жариялайды:

1. Ең белсенді 3 студент (сондай-ақ, магистранттар, докторанттар) – Ipad.

2. Ең белсенді ОПҚ өкілі – ноутбуктер.

Үйлестіруші:

Т. Ошкарова, тел.: +7 (7172) 701812, e-mail: t.oshkarova@astanaforum.org.