Platonus оқу порталы мен электронды кітапханаға қолжетімділік

Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технология орталығы мен техникалық қолдау орталығы ААЖ Platonus пен университеттің электронды кітапханасына қауіпсіз түрде қосылу бойынша ғаламдық Интернет желісіне жалғау жұмыстарын жүргізген болатын.

Еске сала кетейік, Platonus – бұл кредиттік және дистанционды оқу жүйесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе. Бағдарламада жоғары оқу орнының барлық жүйелері мен міндеттері айқындалатын орталықтандырылған ақпарат жүйесі бар. Әр студент пен қызметкер үшін жеке парақ (жеке web- парақшасы) жасалған, ол жоғары оқу орны қызметкерлерінің негізгі міндеттерін автоматтандыруға ықпал етіп, студенттердің керекті ақпаратты тауып, дистанциондық жолмен оқитын студенттерге тез арада оқу және бақылау бағдарламаларына еніп, оқытушылармен интернет желісі арқылы немесе жоғары оқу орнының ішкі желісі арқылы қатынас жасауына көмек көрсетеді.

Бұрын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушылары мен оқытушылары Платонус оқу порталына тек университет кампустары аумағы арқылы ақпарат ала алатын. Қазіргі таңда Қазақстанның, Астананың және ілемнің кез келген нүктесінде тәулік бойы ашық қолжетімділік орын алған. Ең бастысы – жеке кабинетіңізге кіре алатын логиніңіз бен құпия сөзіңіздің бар болуы тиіс.

ААЖ Platonus-қа қолжетімділік http://edu.enu.kz (немесе университеттің ресми сайтының басты бетіндегі сілтеме арқылы www.enu.kz) және университеттің электронды кітапханасына http://enulib.enu.kz (университеттің ғылыми кітапхана сайтының басты бетіндегі сілтеме арқылы) арқылы жүзеге асырылады.