6 сәуірде «ENUvision-2013» ауқымды музыкалық жоба бастау алады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет «ENUvision-2013» ең ауқымды жылдық музыкалық жоба бастау алуда. Сайыс 2 кезең бойынша өтеді. Бұл жобаның жеңімпазы бір ай бойы кәсіби жұлдыздардың шеберлік сабағы мен келешекте продюсерлік демеушілік көрсетілетін болады. Басты сыйлық – 100 000 теңгеге.

Байқаудың критерийлері:
1. Әрбір қатысушы кем дегенде 2 ән орындауға міндетті. Әнді қалаған тілде орындай аласыз.
2. Ән тек жанды дауыспен орындалуы тиіс.
3. Вокалдық, хореографиялық және әртістік өнерлері ескерілетін болады.
4. Өзіңізбен бірге студенттік билет болуы тиіс.

Өтетін орны мен уақыты: 6 сәуір, бас ғимарат, 208 ауд. (ҚР Тұңғыш Президентінің аудиториясы), сағат 14:00-де.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуларыңызға болады : 8 (771) 149 16 96 (Айнұр)

Толығырақ мына сілтеме арұылы біле аласыздар: vk.com/enuvision