«Алтын белгі» иегерлері қауымдастығы «Алтын жастар» атты өмірбаяндық жинақ шығармақ

Құрметті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері!

Университет ректоры, т.ғ.д., профессор, академик Е.Б.Сыдықовтың қолдауымен, «Алтын белгі» иегерлері қауымдастығының бастамасымен «Алтын жастар» атты өмірбаяндық жинақ шығару жоспарланып отыр.

Жинаққа университеттегі спорт, білім, ғылым саласында, қоғамдық өмірде жетістіктері бар студенттер – «Алтын белгі» иегерлері өз өмірбаяндарын ұсына алады.

Өмірбаянда студенттің толық аты-жөні, туған жылы, туған жері, қандай мектепті қай жылы бітіргендігі, факультеті, мамандығы, оқитын курсы анық көрсетіліп, белгілі салада жеткен жетістіктері, марапаттары жазылуы тиіс.

Өмірбаяндар сәуір айының 15 жұлдызына дейін қабылданады. Өмірбаяндарды zhk_ab@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізге болады.

Іріктеуден өткен үздік өмірбаян иелеріне фотопортретке түсу уақыты қосымша хабарланады.

Ақпарат үшін: +77072955513 – Жуандықов Асхат

+77025722867 – Арғынғазинов Айбол