ҚР БҒМ академиялық мобильділік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ЕО, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде алмасу бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттарға арналған 2013-2014 оқу жылына 1 семестр бойы білім алуға қаржыландыруда 50 орын бөлінеді.
Қаржыландыру шарттарына сәйкес студентке төленеді:
екі жаққа әуе билеті;
мекендеу шығыны (ай сайын тұрғын-үй жалдауға);
виза шығындарын төлеу;
білім алу мерзімінде медициналық сақтандыруды төлеу.
Үміткерлер келесі талаптарды орындауы қажет:
ü 1-3 курс студенттері немесе 2 жылдық мерзіміндегі 1 курс магистранты;
ü GPA 3.0 кем болмауы тиіс;
ü ағылшын тілін немесе оқыту тілін меңгеру;
Тізіммен қоса, әрбәр үміткер келесі құжаттар пакетін тапсыруы тиіс:
1. Транскрипт
2. TOEFL, IELTS (қолда болған жағдайда) ағылшын тілін меңгеру
3. Кафедра меңгерушісінің атынан деканаттың мөрі басылған кепілдеме хаты
4. Толтырылған сауалнама
5. Төлөқжат көшірмесі
6. Көлемі 1 беттен көп емес уәждемелік хат (ағылшын және орыс/қазақ тілдерінде)
Айта кететін жәйт, тілді меңгеру туралы сертификаты болмаған үміткерлер тілдік тестілеуден міндетті түрде өтетін болады.
Тек толық құжаттар пакеті ғана қарауға қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша international.dept.enu@gmail.com. электрондық мекен-жайына жазуға болады.
Назар аударыңыз!Тілдік тестілеу 26 наурыз күні сағат 15:00-де 111,112 ауд. (ОӘҒ) өтеді.