Студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ғылым және білім – 2013» атты VIІІ Халықаралық ғылыми конференциясы

Л.Н. Гумиелев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2013 жылдың 10 сәуірінде өтетін студенттер, магистранттардың және жас ғалымдардың «Ғылым және білім – 2013» атты VIІІ Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:

Секция 1. Жаратылыстану-ғылыми бағыт. Секция топтары: 1. Математика. 2. Механика. 3. Ақпараттық технологиялар. 4. Физика. 5. Химия. 6. Биология және биотехнология. 7. География. 8. Қоршаған ортаны қорғау.

Секция 2. Инженерлік-техникалық бағыт. Секция топтары: 1. Архитектура және дизайн. 2. Құрылыс. 3. Транспорт. 4. Болашақ энергетикасы.

Секция 3. Заң ғылымдары. Секция топтары: 1. Бұқаралық құқық. 2. Жеке құқық.

Секция 4. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары. Секция топтары: 1. Педагогика және психологиядағы өзекті мәселелер. 2. Империялық және кеңестік саясат контексіндегі Қазақстан. Тәуелсіз Қазақстан. 3. Л.Н. Гумилевтің ғылыми мұрасы және қазіргі тарих ғылымы. 4. Философия. Мәдениет. Дін. 5. Заманауи әлеуметтанудың өзекті мәселелері. 6. Дене тәрбиесі, спорт және студенттер денсаулығы.

Секция 5. Халықаралық қатынастар. Секция топтары: 1. Халықаралық қатынастар және аймақтану. 2. Аймақтық зерттеулер. 3. Шығыстану. 4. Түркология. 5. Лингвоелтану.

Секция 6. Филология. Секция топтары: 1. Қазақ тіл білімі. 2. Орыс және салыстырмалы тіл білімі. 3. Әдебиеттану. 4. Шетел филологиясы. 5. Аударма ісі.

Секция 7. Журналистика және саясаттану. Секция топтары: 1. Заманауи журналистиканың өзекті мәселелері. 2. Саясаттану ғылымының бүгіні.

Секция 8. G-global: Әлемдік мәселелердің шешімін іздеудегі ғылымдар интеграциясы. Секция топтары: 1. Бірыңғай әлемдік валюта. 2. Елдің PR жобасы. 3. G-20 елдері үшін дағдарысқа қарсы үздік ұсыныстар.

Ақпараттық хат