5 наурыз күні халық сүйген “Қаламқас” халық ән-би ансамблінің концерті өтеді

Еліміздің шығысында алғашқылардың бірі болып құрылған «Қаламқас» ән-би ансамбліне былтыр 40 жыл толды. Чехословакияның Стражница қаласында өткен этнографиялық өнер ұжымдарының әлемдік сайысында Одақ намысын абыроймен қорғап, кейін де Франция, Италия, Щвеция, Қытай, Әзірбайжандағы өнер байқауларында ұлттық өнердің ерекшелігін танытқан Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының “Қаламқас” халық ән-би ансамблі бүгін Еуразия ұлттық университетінде өнер көрсетпек.

Қазіргі уақытта 40 жылдық тарихы бар, шетелдерде қазақ өнерін насихаттауда үлкен үлес қосқан «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің іргесі сөгілмей, мемлекеттік ән-би ансамблдерімен қатар республикалық дәрежеде өнер көрсетіп келе жатыр.

Өтетін орны мен уақыты: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимараты, ҚР Тұңғыш Президентінің аудиториясы (208 ауд.), сағат 17:00-де.