4 наурызда ЕҰУ-де «Студенттердің шығармашылық белсенділігінің элементі ретіндегі өздік жұмыс» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтеді

2013 жылдың 4 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың стратегияны жүзеге асыру жөніндегі мониторинг бөлімі педагогикалық шеберлігінің онкүндігі аясында «Студенттердің шығармашылық белсенділігінің элементі ретіндегі өздік жұмыс» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.
Өтетін орны мен уақыты: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимараты, 302 ауд. сағат 15:00-де.
Семинарға факультеттердің оқу-әдістемелік комиссиясының төрағалары шақырылады.