Халықаралық ынтымақтастық департаменті Campus France Бюросымен бірлесе Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері мен оқытушыларын Францияда білім алу үшін гранттар мен шәкіртақылар, француздық жоғары білім беру жүйесіне арналған тұсаукесерге, сондай-ақ, француз тілін меңгеруге шақырады.
Тұсаукесерді Астана қаласының Француз Альянсының қызметкері Айгүл Хамитова жүргізеді.
Өтетін орны мен уақыты: ОӘҒ (бас ғимарат), 303 ауд., 2013 жылдың 5 наурызы сағат 15.00.
Байланыс: +7 (7172) 709490.
Келемін деушілерге есік ашық!