Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы 2013 жылдың 3 мамырында көрнекті әдебиет теоретигі, ҚР ҰҒА академигі Зәки Ахметовтың 85 жылдығына орай «Қазіргі әдебиеттанудың теориялық мәселелері және З.Ахметовтың ғылыми зерттеулері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Секция жұмыстарының бағыттары:
1. З.Ахметов зерттеулері және әдебиет теориясының жаңа концепциялары
2. Ұлт әдебиеті тарихының өзекті мәселелері
3. Әдеби интеграциясы және бүгінгі рухани-мәдени даму
Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2013 жылдың 10 сәуіріне дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 330 кабинет, қазақ әдебиеті кафедрасы. Электрондық пошта: kafedra_kzli@ enu.kz
Байланыс телефондары:
тел.: 8(7172) 70-95-00 (факс) (ішкі телефон: 32-313, 32-319).