2013 жылдың 18-19 сәуірінде студенттер мен магистранттардың «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2013» атты XV ЖОО аралық ғылыми конференция өтеді

Еуразия гуманитарлық институты 2013 жылдың 18-19 сәуірінде студенттер мен магистранттардың «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2013» атты XV ЖОО аралық ғылыми конференциясын өткізеді.

Конференцияда мынандай секция жұмысы қарастырылады:

1. Педагогика және психология.

2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.

3. Қазақ және орыс филологиясы.

4. Шетел филолгиясы және аударма ісі.

5. Құқықтану.

6. Экономика және қаржы.

Конференцияға дейін бағдарламаны шығару жоспарланып отыр. Осыған орай, конференцияға қатысу үшін өтінімді 2013 жылдың 25 наурызына дейін жіберу керек.

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін өтінім параққа жазылған және электрондық пошта арқылы мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010009, Астана қаласы, М.Жұмабаев даңғылы, 4, Еуразия гуманитарлық институты. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы Жармаханова Гүлсұлу Ескермесқызы. Тел/факс: (7172) 561 933, ұялы телефон: 8 701 299 06 54, e-mail: gulsulu@mail.ru.

Ақпараттық хат