11-13 сәуірде «ХІIІ Сәтбаев оқулары» өтеді

2013 жылдың 11-13 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен жас ғалымдардың, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХІIІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына шақырамыз. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, магистранттар, студенттер және оқушылар шақырылады. Конференция аясында қазіргі ғылымның әр түрлі саладағы көкейкесті мәселелері бойынша төмендегі секциялардың жұмысы жоспарланып отыр.

1. Академик Қ.И. Сәтбаев және оның білім беру мен ғылымдағы рөлі

2. Филология

3. Тарих және этнология

4. Философия

5. Саясаттану және әлеуметтану

6. Жалпы педагогика және психология

7. Математика және информатика

8. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар

9. Өнертану

10. Экономика

11. Ауылшаруашылық ғылымдар

12. Техникалық ғылымдар

13. Медицина

14. Экология және табиғатты қорғау

15. Юриспруденция және құқық

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Ғалымдар, аспиранттар, магистранттар, студенттер, оқушылар және оқытушылар конференцияға ғылыми материалдарын жариялау үшін 2013 жылдың 15 наурызына дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жолдауы тиіс: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, ғылым департаментінің ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі, тел.: 8 (718-2) 67-36-83, факс: 8 (718-2) 67-37-05, E-mail: orgnauka@psu.kz

Ақпараттық хат