17-18 сәуірде «VII Жандаев оқулары» атты «Жер туралы ғылымдарда табиғи жағдайлар мен ресурстарды зерттеудің геоэкологиялық және геоақпараттық аспектілері» тақырыбында Халықаралық конференция өтеді

2013 жылдың 17-18 сәуірінде дәстүрлі түрде өтетін «VII Жандаев оқулары» атты «Жер туралы ғылымдарда табиғи жағдайлар мен ресурстарды зерттеудің геоэкологиялық және геоақпараттық аспектілері» тақырыбында Халықаралық конференция өтеді.

Өтетір орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, 6-шы оқу ғимараты, география және табиғатты пайдалану факультеті.

Конференцияда секция бойынша келесі мәселелер қарастырылады:

1. Геологиялық-геоморфологиялық зерттеулер және геоэкологиялық картографиялау мәселелері.

2. ГАЖ-технологиялар және табиғатты пайдалану.

3. Инженерлік және географиялық (тақырыптық) картографияның даму мәселелері және геоақпарат.

4. Гидроэкологиялық зерттеулер және ғаламдағы климаттың өзгеруі.

5. География ғылымы және геоэкологиядағы кешендік әдістің мәселелері.

6. Рекреациялық ресурстар және геотуризмді дамытудағы экологиялық негіздер.

7. Энергоресурстар және «жасыл экономиканы» дамытудағы мәселелер.

Конференцияға ғалымдар, оқытушылар, аспиранттар, PhD докторанттар және жас ғалымдар мен студенттер шақырылады.

Ақпараттық хат