2013 жылдың 28 қаңтарында ЕҰУ-де «Түркі мәдениетінің ойшылдары: Ахмет Ясауи және Юнус Эмре» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

2013 жылдың 28 қаңтарында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының қатысуымен «Түркі мәдениетінің ойшылдары: Ахмет Ясауи және Юнус Эмре» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Бұл іс-шарада түркі тілдес халықтарының ислам дінін қабылдауы мен Анадолының исламдану үдерісіне өз әсерін тигізген маңызды тұлғалардың бірі Ахмет Ясауидің және Түрік мистикасы әдебиетінің дамуына үлесін қосқан Юнус Эмренің рухани және тарихи деректері талқыланады.
Өтетін орны мен уақыты: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимараты, 259 ауд., сағат 10:00.