ЕҰУ студенттері мен оқытушылары және қызметкерлері назарына!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267-ІІ «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйке ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнінің атап өтілуіне орай демалыс күндерінің ауыстырылуы қазақстандықтарға қатарынан төрт күн, яғни 15-18 желтоқсан күндері демалуға мүмкіндік береді.

Жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі 16-17 желтоқсан күндері атап өтіледі және бұл күндер демалыс күндері болып саналады.

Мерекелер туралы заңға орай мереке күні демалыс күнге сай болған кезде мереке күнінен кейінгі жұмыс күні демалыс күніне саналады.

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтіндерге сенбі, 15-желтоқсан күні жұмыс күні ретінде қала береді.