24 желтоқсанда ЕҰУ-де философия докторы (PhD) ғылыми дəрежесін алу үшін М.К. Жолдасов «Стресс пен қажудың зейінді реттеуге жəне когнитивтік тапсырманы орындауға əсері» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, философия докторы (PhD) ғылыми дəрежесін алу үшін Жолдасова Манзура Кеңесбекқызының 6D050300 – Психология мамандығы бойынша «Стресс пен қажудың зейінді реттеуге жəне когнитивтік тапсырманы орындауға əсері» тақырыбында диссертациясы қорғалады. Диссертация əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия жəне саясаттану факультетінің жалпы жəне этникалық психология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер: Саңғылбаев Оспан Сейдуллаұлы – психология ғылымдарының докторы, мамандығы 19.00.07; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры; Мадалиева Забира Бекешовна – психология ғылымдарының докторы, мамандығы 19.00.07; Қайнар университетінің проректоры.

Ғылыми кеңесшілер: С.М. Жақыпов – психология ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры; А.М. Құстубаева – биология ғылымдарының кандидаты, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті; Джеральд Мэттьюс – психология бойынша PhD докторы, Цинциннати университетінің профессоры (АҚШ).

Қорғау 2012 жылы 24 желтоқсанда сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Мұңайтпасов к., 5, Бас ғимараттың № 302 диссертациялық кеңес залы.