Профессор Хаджиев Анвар Хаджиевичті еске алуға арналған «Қоршаған ортаға негативті әсер етуді ескертудің құқықтық мәселелері» атты дөңгелек үстел

Заң факультеті экологиялық және кәсіпкерлік құқық кафедрасы 2012 жылдың қараша айының 27 күні заң ғылымдарының докторы, профессор Хаджиев Анвар Хаджиевичті еске алуына арналған «Қоршаған ортаға негативті әсер етуді ескертудің құқықтық мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелде қазіргі кезеңдегі қоршаған ортаға негативті әсер етудегі құқықтықтың өзекті мәселелері туралы талқыланады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Бас прокуротурасы, ҚР-ның басқа да ЖОО-ның сонымен қатар заң саласындағы жетекші ғалымдары қатысады.

Қатысу өтінішітеріңізді 2012 жылы қараша айының 15 күніне дейін беруіңізді сұраймыз. Баяндама немесе тезистеріңізді қараша айының 20 күніне дейін ұсынуыңызға болады.

Дөңгелек үстелдің өткізу уақыты мен мекен жайы: Астана қ. Пушкин к. 13., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, заң факультеті сағ. 10.00, №2 оқу ғимаратының 509, 218 аудиториясында өтеді.

Дөңгелек үстел сұрақтары жайлы хабарласуыңызға болады:

Олжас Бекболдыұлы Досекеев 8 707 848 5539

+7 (7172) 709500 (ішкі. 34-502, 34-500)

e-mail: gulzhan.2007@mail.ru, aliya.dzhandarbekova@mail.ru

Ақпараттық хат