Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму қорының Start-up жобасы байқауына қатысамын деушілер назарына!

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, «Зерде» ұлттықақпараттық холдингі мен «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және Beeline сауда белгісімен «Кар-Тел» ЖШС бастамасымен және қолдауымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму қоры құрылды. Өордың негізгі міндеті – стартап жобаларын қолдау мен жүзеге асыру, АКТ мамандар құзырын жоғарлату және т.б.

2012 жылдың 29 қазанынан бастап стартап жобасы бастау алды.

Байқау жеңімпаздары өз жобаларына (50 мы АҚШ доллары) инвестиция алады, кәсiпкерлiктiң дағдылар, сату негiздерi бойынша оқу курстарынан өтеді және технология, кәсiпкерлiк және маркетинг бағыттары бойынша мамандандырылған сарапшылардың шеберлік сабақтарына қатысады.

Байқауға қатысу арқылы студенттер университетте оқу барысында алған білімдерін өз кәсіпкерін бастауға мүмкіндік ала алады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуларыңызға болады: +7 777 7158870, +7(7172) 424801, сондай-ақ, tbattalkhanov@ictund.kz – Тимур Батталханов, Portfolio менеджері немесе www.ictfund.kz веб-сайты.