Қоғаммен байланыс жөніндегі мұсылман өкілдерінің бүкіләлемдік екінші құрылтайы

2012 жылғы 8-9 желтоқсан күндері Тегеран қаласында Қоғаммен байланыс жөніндегі мұсылман өкілдерінің бүкіләлемдік екінші құрылтайы өтеді. Құрылтайдың жұмысына оқытушы-профессор құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатыса алады.
Іс-шараға қатысуға тілек білдіргендер 2012 жылғы 5 қарашаға дейін мақаланың қысқаша мазмұнын, ал 10 қарашаға дейін толық мәтінін bakhytkali_ab@enu.kz. поштасына жолдаулары тиіс. Мақала парсы және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Мақала 400 сөзден аспауы, көлемі 15 беттен көп болмауы тиіс. Бұдан бұрын жарияланған мақалалар қабылданбайды. Таңдаулы мақалалар баяндамалар құрылтай жинағында жарияланатын болады. Құрылтайға қатысушыларға қабылдаушы тарап қонақ үйде орын әзірлейді және тағаммен қамтамасыз етеді, сондай-ақ тіркелу және визалық мәселелерде қолдау көрсетеді. Жолақысын қатысушы өзі көтереді.
Қызығушылық тудырған сұрақтар бойынша Халықаралық білім бағдарламалары бөліміне хабарласыңыз, ОӘҒ (бас ғимарат) 403 кабинет, тел.: 709490 (Айым Мадярбекова).