30 қарашада «Қазақстан өлкелерiн дамытудың басым бағыттары: теориясы, әдiстемесі және тәжiрибесі» атты Республикалық конференция

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті 2012 жылдың 30 қарашасында көрнектi ғалым-экономист, Қазақ ССР Жоғарғы Мектептің еңбек сіңірген қызметкері, э.ғ.д., профессор Шәукенбаев ТарбайШәукенбайұлының 100 жылдығына арналған «Қазақстан өлкелерiн дамытудың басым бағыттары: теориясы, әдiстемесі және тәжiрибесі» атты Республикалық конференция өтеді.

Конференция жұмысы келесі бағытта жүргізіледі:

1. Аймақтық құрылымдық- экономикалық саясат және өлкедегi нарықты құру және басқару.

2. Аймақтық дамытуды реттеудiң аспаптар жүйесi.

3. Өлкенiң бюджеттiк – салық жүйесi.

4. Өлкенiң индустриалды – инновациялық саясаты және оны iске асыру.

5. Өлкелердің еңбек нарығы және әлеуметтік саясаты.

6. Өлкенің агроөнеркәсіп кешені және оның дамуы.

7. Қазақстандағы аймақтық және жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесін жаңғырту.

8. Қазақстанның кіші қалалары: құру проблемалары мен даму болашағы.

Конференция нәтижесінде ғылыми еңбектер жинағы жарық көреді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Алматы қ. , Жандосов көшесі, 55.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономики және басқару факультеті (323 каб.), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі (138 каб.).

Тел.: +7 (727) 3771279, 3771278, 3771333.

Email: nauka_kazeu@mail.ru конференцияның атауын көрсету

Ақпараттық хат