Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ІІ Қабдолов оқулары аясында 2012 жылдың 28-29 қараша күндері өтетін академик Зейнолла Қабдоловтың 85-жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелер талқыланбақ:
1 секция. Әдебиет теориясы мен оқыту әдiстеме мәселелерi.
2 секция. Қазiргi әдебиет және компаративистика мәселесi.
3 секция. Қабдолов және мемлекеттік тіл.
4 секция. Қабдолов және өскелең ұрпақты тәрбиелеу.
5 секция. З. Қабдолов еңбектеріндегі өлке тарихының мәселелері .
Конференцияға Қазақстан Республикасының бастаушы ғалымдары мен мамандары шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс.
Мекен-жайы: 060011, Қазақстан Республикасы, Атырау қ., Студенттер даңғылы, 212, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті .
Тел.: +7 (7122) 270160 – тарих-филология факультетінің деканы Г.К. Каиргалиева, +7 (7122) 272592 – қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі А. Кыдырбаева.
Факс: +7 (7122) 276113 – ғылым және халықаралық қатынастар бөлімі.
E-mail: ok.maira@mail.ru.