2012 жылдың 23 қазанында Астана қаласында Үндістанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтпек

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірлесумен 23 қазан күні сағат 19.00-де Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында Үндістан мәдениеті күндерінің аясында «Dementia» (Дементия) рок тобының қатысуымен үлкен концерт өтеді.
Dementia» тобы Үндістандағы танымал рок ұжымдардың бірі. Топ джаз, фанк, блюз жанрларының әуендерінен тұратын ерекше музыка стилін ұстанады. «Дементия» тобы Үнді фольклорының әуендеріне заманауи музыканы қосып, үнді тыңдармандарын аз уақыт арасында өзіне қаратты. Жыл сайын топ жаңа концерттік бағдарламаларымен өзге де елдердің үлкен сахналарында көзге көрініп жүр. «Дементия» тобы өзінің қайталанбас стилімен ерекшеленеді.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 390 328, 8 (7172) 390 463.