17 қазан күні Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының «Ақжол» кітабының тұсаукесері өтеді

Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаменттің ұйытқы болуымен 2012 жылдың 17 қазанында сағат 15:00-де әлеуметтік ғылымдар факультетінің акт залынде Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызының «Ақжол» кітабының тұсаукесері өтеді.
Кездесуге ҚР-дың халық жазушысы Әбіш Кекілбаев, ақын Фариза Оңғарсынова, Серік Тұрғынбекұлы, Несіпбек Айтұлы, Айгүл Кемелбаева, Талғат Ешенұлы, Кемел Мырзагелді, Сейіт Қасқабасов, мемлекет қайраткері Әлихан Байменов және т.б. қатысады.
Сонымен қатар Ханбибі Есенқарақызының танымал «Нұрикамал», «Дударай» әндерін белгілі әнші Кенжеғали Мыржықбай орындайды.