Криминологтар Одағының «Қазіргі кезеңде терроризмге қарсы тұру» жыл сайынғы І Халықаралық конференциясы

«Қазіргі кезеңде терроризмге қарсы тұру» атты Қазақстан криминологтар Одағының жыл сайынғы бірінші Халықаралық конференциясы 22 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.

Конференция Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің; ЕҚЫҰ орталығының; Қазақстан заңгерлерінің одағының; Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен жүргізіледі.

Конференция жұмысының регламенті пленарлық отырысты және сессиялық талқылауды көздейді.

Бірінші сессия – бостандықтардың кепілдігі және терроризмге қарсы тұру шаралары.

Екінші сессия терроризм мен экстремизмнің профилактикасы және алдын алу.

Үшінші сессия – терроризмді, экстремизмді және радикализмді қаржыландыру.

Конференцияға қатысушылар: ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Бас Прокуратурасының, ҚР Жоғарғы сотының, ҚР Конституциялық Кеңесінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар-заңгерлер және адвокаттар, қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстандағы шетелдік елшіліктер және БАҚ.

Конференция 2012 жылдың 22 ұазанында сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін жалғасады. Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5, ЕҰУ-дың бас ғимараты.

Ақпараттық хат