ЕҰУ-де Л.Н. Гумилевтің 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» атты сурет көрмесі өтуде

1 қазаннан бастап Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығына арналған онкүндік іс-шара аясында №3 оқу ғимаратында «Ұлы дала» атты студенттік сурет көрмесі өз жұмысын бастады. Көрменің тақырыбы Л.Н Гумилевтің «Ежелгi Русь және Ұлы дала» негізінде ұйымдастырылған.

Ашылу рәсімінде сәулет-құрылыс факультет деканы т.ғ.д., профессор Т.М. Байтасов, ҚР көркемөнер академиясының академигі, ҚР өнерге еңбегі сіңген қайраткер, профессор Т.Б. Батанов, «Инженерлік сызба және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Бәйдібеков Ә.К., «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі, сәулет кандидаты С.Ш. Садыкова, Әлеуметтік және азаматтық даму жөніндегі департаментінің директор орынбасары Г.А Хайруллина қатысты.

Көрмеде сәулет-құрылыс факультетінің «Сәулет» пен «Инженерлік сызба және дизайн» кафедраларының білім алушыларының суреттері ұсынылды. Көрме №3 оқу ғимараты, 2-ші қабат, рекреациялық аймақта қазан айының 10 дейін жалғаспақ.