4 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Даму стратегиясының тұсаукесері өтеді

2012 жылдың 4 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының және университеттің ресми веб-сайтының Даму стратегиясының тұсаукесері өтеді.

Кездесу Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тұңғыш Президент аудиториясында (208) сағат 12:00-де өтеді.

Аталмыш шараға университет проректорлары, декандары мен кафедра меңгерушілері, барлық құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, оқытушы-профессорлар құрамы (оқудан бос уақыттағы) шақырылады.

Тұсаукесерге қатысу үшін тіркелу мен материалдар алу сағат 11:30-да басталады.

Барлық сұрақтар бойынша Болон процесі Департаментіне мына телефон арқылы хабарласуларыңызға болады: +7 (7172) 709500 (ішкі 31321).