2013 жылдың 16 ақпаны күні «Әлем философиясының дамуындағы көкейкесті мәселелер» атты ІІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді

2013 жылдың 16 ақпаны күні Президенттік бейбітшілік және рухани ынтымақтастық сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдиннің туғанына 80 жыл толады.

Ж.М.Әбділдин дүниежүзілік философиялық ойдың дамуына, әсіресе, танымның диалектикалық логикасы және теориясы, ғылымның методологиясы мен философиясы тарихы мәселелерінің дамуына үлкен үлес қосты. Ол қазақстандық диалектикалық логика, диалектика мектебінің мойындалған көшбасшысы болып табылады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті академик Ж.М.Әбділдиннің құрметіне ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып «Әлем философиясының дамуындағы көкейкесті мәселелер» атты ІІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді және Сіздерді белсенді түрде қатысуға шақырады. Конференцияға ТМД және алыс шетелдің атақты ғалымдары арнайы қатысады деп күтілуде.

Конференция 2013 жылдың 14-16 ақпаны аралығында өтеді. Бағдарламада жұмыс келесі секциялар бойынша жоспарланып отыр:

-академик Ж.М. Әбділдин және таным теориясы, диалектика, диалектикалық логика мәселелерін талдау;

-Мәдениет және адамгершілік, адам мәселесі;

-Әлеуметтік-гуманитарлық таным және ғылым методологиясы

-Дін және білім

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысуға өтінімді және баяндамаларды электрондық пошта арқылы мына көрсетілген секцияларға сай жіберуді сұраймыз:

1 секция. Ж.М. Әбділдин және таным теориясы, диалектика, диалектикалық логика мәселелерін талдау. – sandybaeva@mail.ru(8701 171 40 30)

2 секция. Мәдениет және адамгершілік, адам мәселесі- mkulshat@mail.ru(8772567466)

3 секция. Әлеуметтік-гуманитарлық таным және ғылым методологиясы – dametken – kaz@ mail.ru (8701 417 5652)

4 секция. Дін және білім.-shapoval74@mail.ru (87016264982)

Өтінім 2012 ж. 20 желтоқсанға дейін қабылданады.

Баяндамалар қазақ, немесе ағылшын, орыс тілдерінде мынадай түрде рәсімделеді: көлемі 5 бетке дейін, бір интервалмен, шеттеріңің ара қашықтығы, 3-2-2-1,5 [мәтінге сілтемелер жақшаларда] Word немесе RTF редакторында, 14-қаріпте (Times New Roman; KZ Times New Roman) ;2013 жылдың 10 қаңтарына дейін ұсыну қажет.

Ұйымдастыру жарнасы 2000 тенге.

Байланыс тел.: философия кафедрасы 8(717-2) коммутатор: 709500 – 35214; 35202 

Ақпараттық хат