Л.Н.Гумилевтің 100 жылдық мерейтойына орай Күлтегін күні аясында Журналистика және саясаттану факультеті «Көшпенділер өркениеті» тақырыбында ЕҰУ студенттері арасында шығармашылық байқау жариялайды!

Шығарма көлемі баспа түрінде жасалған жобасы 3 беттен кем болмауы керек (қаріп-Times New Roman,14 кегль,интервал- 1,0). Жұмыс мәтіні қазақ, орыс тілдерінде А4 форматында қабылданады. Барлық құжаттарды № 4 оқу ғимараты, ЖжСФ деканатына, 19 мамырға дейін тапсыру қажет.
Байқауға қатысушылар (студенттер) шығарманы жіберу кезінде өзінің ЖОО және аты-жөнін, мамандығын, факультетін, курсын, электрондық поштасын немесе байланыс телефонын көрсету керек. Шығарма тақырыбы майлы шрифтпен беттің ортасында жазылуы қажет, азат жол басындағы бос жер қалдырып мәтін жалғасуы керек. Мәтін соңында қажеттілігіне сай пайданылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі қажет.
Барлық жанрда жазылған шығарма қабылданады.
Байқауға қатысып, жеңімпаз атан!