Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау жалғасуда

Ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау жалғасуда.

Жаңа іріктеу ережесіне сәйкес (ҚРҮҚ 2012 жылдың 27 наурызындағы № 355) үстіміздегі жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау байқауына «Ғылыми-педагог қызметкерлер», «Тағылымдамаға үміткерлер» және «ЖОО түлектері» санаттары қатыса алады. Аталмыш санаттар үшін қойылатын талаптар, оның ішінде жұмыс өтіліміне және бакалавр немесе маман дипломының орташа балына талаптар айтарлықтай жеңілдетілді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2012 жылдың 14 мамырынан бастап 1 қазанды қоса алған кезеңге дейін.

Қосымша