«Журналистика» мамандығын таңдаған талапкерлер назарына!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. 2-7 шілде аралығында шығармашылық емтихан тапсыруға байланысты құжаттарыңызды 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін тапсыруға үлгеріңіздер.

Екі шығармашылық емтихан: біріншісі – шығарма жазу, екіншісі – әңгімелесу формасында сынақ қабылданады. Әр емтиханның ең жоғары көрсеткіші – 25 балл. 10 балдан төмен алған талапкер шығармашылық емтиханнан өтпеген болып саналады. Ондай жағдайда бірыңғай ұлттық тестілеуден алған балы бойынша талапкер басқа мамандықтарға құжат тапсыра алады. Ал журналистика мамандығы бойынша 2 шығармашылық емтиханнан жоғары балл жинаған талапкер «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихы» пәндерінің баллдарын қосып, мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысады.

Қабылдау комиссияның мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұкан көшесі, 5.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 488752, 488132.