23 маусымда журналистер күніне және Ақселеу Сейдімбектің 70 жылдық мерейтойына орай Астана қаласында бильярдтан турнир өтеді

23 маусымда журналистер күніне және белгілі ғалым-публицист Ақселеу Сейдімбектің 70 жылдық мерейтойына орай Астана қаласында бильярдтан дәстүрлі турнир өтеді.

Оған қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді. Ағалар тобын ұлт руханиятының алтын өзегі Мырзатай Жолдасбеков, Асанәлі Әшімов сияқты Ахаңның замандас ағалары бастайды.

Алаштың ардақтысына айналған Ақселеу Сейдімбектің биылғы 70 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған турнир соңында жеңімпаз ойыншыларға кубок пен ақшалай сыйлық тапсырылады. Әртүрлі номинациялар бойынша да дипломдар беріледі.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультеті, журналистика мәселелерін зерттеу институты ұйымдастырып отырған турнирді университет ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлы ашады. Бұл шараға Ақаңның жақындары мен әріптес достары да шақырылады.

Өтетін орны мен уақыты: Астана қаласы, «Зодиак» бильярд клубы (Мұңайтпасов көш., 15). 23 маусым, 2012 жыл. Сағат: 10:00 – 19:00

Байланыс тел.: 376774, 484330