19-20 қазан аралығында «Қазақстан білім қоғамы жолында: білім жүйесін жаңғырту – білім қоғамының басты бағыты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Сырдария университеті 2013 жылы қазан айының 19-20 аралығында Сырдария университетінің 15 жылдығына арналған «Қазақстан білім қоғамы жолында: білім жүйесін жаңғырту – білім қоғамының басты бағыты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізетіндігін хабарлайды.

Конференция жұмысына қатысуға тақырып бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері және ізденушілер шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

· гуманитарлық ғылымдар;

· жаратылыстану ғылымдары;

· педагогикалық ғылымдар;

· экономикалық ғылымдар;

· құқықтану.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференция жұмысына қатысу жөнінде тапсырыс (үлгі бойынша) пен баяндама мәтінінің баспа түрі, электрондық нұсқасы мен ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесін 2013 жылдың 1 қазанына дейін төмендегі мекен-жайға жәберулеріңізді сұраймыз.

Мекен-жайы: 160500 Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 11, Сырдария университетінің бас ғимараты, 3 қабат, 301 каб.

Байланыс: 8 725 34 6 15 52.

e-mail: Sirdariya-konf@mail.ru .

Ақпараттық хат