14-16 маусым аралығында ЕҰУ-де Калифорния университетінің профессоры Майкл Буравойдың әлеуметтанудан шеберлік сабағы

Дәріс тақырыптары:

14 маусым – «Этнографиялық зерттеу әдіснамасы»; 10.00 – 17.00 сағ.

15 маусым – «Мен қалай ілімдерді қалыптастырамын және оқытамын?»; 10.00 – 17.00 сағ.

16 маусым – Көпшілік әлеуметтануы (Публичная социология). 11.00 – 16.00 сағ.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, әлеуметтану кафедрасы шеберлік сағатына қатысамын деуші еліміздің барлық әлеуметтанушыларын шақырады!

Майкл Буравой – қазіргі қоғамның ең үздік және сұранысқа ие әлеуметтанушыларының бірі, 2002 жылдан 2005 жыл аралығында – Американдық әлеуметтанушылар ассоциациясының Президенті, 2010 жылдан бастап Дүниежүзілік Әлеуметтанушылар Ассоциациясының Президенті. Майкл Буравой ДӘА Президенті болып сайланғанда: «Әлеуметтану әлеуметтанушылар үшін ғана маңызды емес. Әлеуметтану басқаларға да қажет. Әлем әлеуметтануды қажет етеді, ал жаһандық мәселелер жаһандық әлеуметтанудың назарында» деп атап өтті.

Майкл Буравой экономикалық әлеуметтану саласындағы жұмыстарымен және ойларымен танымал, сонымен қатар, Африка, Шығыс Еуропа және Ресей елдерінде зерттеу жүргізуде көп жылдық тәжірибеге ие. Профессордың қызығушылығы постколониализмнің табиғатын, мемлекеттік социализм және посткоммунистік транзитті зерттеуге бағытталды. Профессор Майкл Буравойға көпшілік әлеуметтануы (публичная социология) туралы, студенттерге әлеуметтануды қалай оқыту керек және әлеуметтанудың көпшілік кеңістігіне шығу қажеттілігі туралы ойлары үлкен танымалдылық алып келді. М.Буравой заманауи әлеуметтануды жаһандық деп санай отырып, оны 4 салаға бөлді: көпшілік әлеуметтануы (публичная социология), тәжірибелік әлеуметтану, кәсіби және сыни әлеуметтану.

Профессор Майкл Буравой «Современная социология» (Contemporary Sociology), «Европейский журнал социальных наук» (European journal of social science) секілді импакт-факторы жоғары журналдарда ғана мақала жариялайды, «Теория и общество» (Theory and Society), «Работа, занятость и общество» (Work, Employment and Society), «Американский журнал социологии» (American Journal of Sociology), «Американские социологические обзоры» (American Sociological Review) секілді импакт-факторлы журналдардың редакторы және редакциялық алқа мүшесі болып табылады. 2012 жылдың 5 маусымында профессордың жариялану жиынтығының жалпы көлемі 12731 сілтемені құрайды.

Майкл Буравойдың шеберлік сағаты қазақстандық жоғары оқу орындарына зерттеу университетін қалыптастыру ойын енгізуге және дамытуға бағытталған. Зерттеу университетіне өту профессорлық-оқытушылық құрамның арасында зерттеу белсенділігінің өсуіне, сонымен қатар академиялық зерттеулердің университет қызметкерлерінің күнделікті ісімен үздіксіз қатар жүруіне алып келеді. Зерттеу университетін қалыптастыру зерттеу әрекетінің санының өсуімен ғана шектелмейді, сонымен қатар зерттеу және оқытушылық іс-әрекеттерінің өзара үйлесімді дамуына, алынған зерттеу нәтижелерін білім беру тәжірибесінде қолдану мүмкіндіне алып келеді. Дәл осы мәселелер профессор Майкл Буравойдың дәрістерінде көрініс табады: зерттеу және оқытушылық іс-әрекетті қалай өзара үйлестіруге болады? Білім беру процесіне өзіндік зерттеу жұмысының нәтижесін қалай енгізуге болады?

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша әлеуметтану кафедрасына хабарласуларыңызға болады: +7 (7172) 49-16-67, enu112@yandex.kz Айгуль Забирова, әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі.

Кафедраның мекен-жайы: Астана қ., Янушкевич көшесі, 6.