Сайтымыздың фотомұрағатын толтыруға атсалысыңыз!

Құрметті Еуразия ұлттық университетінің білім алушылары, түлектері және оқытушылары!

Егер сіз өз суретіңізді сайтымыздың бетінде көргіңіз келсе, мына электронды мекен-жайға webmaster@enu.kz өздеріңіздің суреттеріңізді жіберулеріңізді сұраймыз. Фото тақырыбы – сабақта отырған қызықты сәттер, пәндерге дайындық, ғимараттар мен жатақханалар, студенттің бос уақытындағы сәттер, шетелде білім алу, конференция, дөңгелек үстелдерге қатысу және т.б. сондай-ақ, сіздердің шетелдегі достарыңыз бен әріптестеріңіз де атсалыса алады.

Суреттер сапалы, яғни, цифрлық немесе кәсіби фотоаппаратпен түсірілу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 (7172) 359120