2 мамыр күні SCOPUS ЖӘНЕ SCIENCEDIRECT ең iрi дүниежүзілік кiтапханалық қорларды пайдалану бойынша оқыту семинары өтеді

Импакт-факторы жоғары басылымдарда мақалаларыңызды жариялауды жоспарлап жүрсіз бе? Ғылыми жұмыс бойынша өзекті тақырыптар керек пе?

2 мамыр күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимараты, 259 ауд., сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ҚР БҒМ мен Elsevier компаниясы арасындағы келісім-шартқа сәйкес SCOPUS және SCIENCEDIRECT ең iрi дүниежүзілік кiтапханалық қорларды пайдалану бойынша оқыту семинары өтеді.

Семинар аясында SCOPUS және SCIENCEDIRECT порталдарының ақпараттық мүмкіндіктерін толыққанды қолдану туралы қарастырылады, сондай-ақ:

· халықаралық деңгейде мақалаларды жариялауға арналған жаттығу ұсыныстары;

· дәйектеме келтiру индексімен жұмыс;

· (импакт-фактор және тағы басқалар) журнал сарапшыларымен жұмыс;

· деректер қорынан қажетті мақалаларды iздестiру;

· тағы басқалар.