Психология және әлеуметтік жұмыс бойынша Республикалық олимпиада жалғасуда

11 сынып оқушылары, колледж түлектері, жұмыс істейтін жастардың Республикалық олимпиадасын жүргізудің негізгі мақсаты – жастарда шығармашылық қабілеттіліктерін және ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын, өмірлік өзін-өзі анықтаудағы психологиялық дайындығын және мамандық таңдауын анықтау мен дамыту және жастар арасында психология және әлеуметтік жұмыс бойынша ғылыми білімін шыңдау.

Олимпиада 2011 жылдың 1 наурызы мен 29 сәуір аралығында екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең 1 наурыздан 30 сәуірге дейін сайыс жұмыстарын (эссе) факультет сайтында көрсетілген тәртіп бойынша тапсырмалар дистанционды түрде қабылданады.

Екінші (қорытынды) кезең 30 сәуір – 15 мамыр аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де күндізгі бөлімде жүргізіледі (күндізгі бөлімде конкурсқа қатыса алмайтын қатысушылар екінші кезеңді дистанциялық түрде өтуге болады).

Олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ және орыс

Олимпиаданың қатысушыларының саны шектелмеген. Екінші кезеңде барлық қатысушыларға сертификат беріледі, ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар дипломмен марапатталады.

Қорытынды кезең психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы өзінің алаңында қаржыландыруды қоса алғанда өз құралдарымен жүзеге асырады. Олимпиадаға қатысушылар бірінші және екінші кезеңде төлем төлемейді.

Ұйымдастыру комитеті құрамы он адамнан тұрады: төрағасы, төраға кеңесшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылыми – педагогикалық қызметкерлері және әлеуметтік ғылымдар факультетінің мамандары.

Сайыс комиссиясының қарауына мынадай мәліметтері бар жұмыстар қабылданады:

· Жұмыстың тақырыбы;

· Қатысушының аты-жөні;

· Пошталық индекс, толық пошталық мекен – жайы;

· Байланыс телефондары (қала кодымен бірге) және / немесе ұялы телефон нөмері;

· Электрондық поштаның мекен – жайы;

· Білім беру мекемесінің аты (қала көрсетілуі тиіс) және сыныбы;

· Білім беру мекемесінің мекен – жайы мен телефоны, жұмыс орны;

· Жұмыстың орындалған жылы.

Олимпиада қатысушыларының назарына! Сыртқы мұқаба бетті жабдықтауды ұмытпаңыз!

Жазылған сайыс жұмыстары (эссе) Psiho_prof@enu.kz электрондық поштаға жіберуге болады.

Эссе (көлемі сыртқы мұқаба бет пен әдебиеттер тізімін қоспағанда А4 форматта 2,5-5 бет болуы тиіс). Сайысқа қабылданатын жұмыстарға қойылатын негізгі талап жұмыстың орындалуы электрондық түрде болуы тиіс (шрифт Times New Roman, 12, интервал 1,5).

Олимпиада нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен сыйлық иегерлері 2012 жылдың 10 мамырына дейін анықталады. Олардың саны барлық қатысушылар санының 20%-нан аспауы керек. Сайыс жеңімпаздары 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталған қатысушылар болып табылады. Олимпиада қатысушылары қатысушы куәлігімен, мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен марапатталуы мүмкін.

Жұмысты жабдықтау көлемі мен ережелері

Жұмыс ой ұшқырлығын тексеруге бағытталған тесттік тапсырмаларды орындау кезінде нақты және көрсетілген ретке сәйкес және дұрыс жауаптың мүмкін болған санын бұзбау керек, сұрақтарға қысқа жауап беру (1/2 беттен көп емес) шарт.

Жеңімпаздар мен сыйлық иелерінің тізімі туралы ақпараттар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Ғылыми кеңесінде ұсынылып, www.enu.kz сайтында жарияланады.

Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Психология» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарына Олимпиада жеңімпаздары немесе сыйлық иегерлері оқуға түскен жағдайда факультет Кеңесінің хаттамасына сәйкес қосымша жеңілдіктер алуына құқылы болады.

ЕСКЕРТУ. Олимпиадаға таңдау пәні ҰБТ-да биология және география болып табылатын, сәйкесінше «5B050300-Психология», «5B090500-Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарын таңдаған жастар қатыса алады. Сайыстың нәтижелері ЕҰУ бірінші курсқа қабылданарда ескеріледі, кәсібі жоғары білім алудағы білім беру бағдарламасының негізінде ЕҰУ – нің қабылдау Ережелерінде көрсетілгенге сәйкес қарастырылады.

Назар аударыңыз! Қатысушы Олимпиадаға қатысу үшін тіркеуден өту шарт.