Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Ғылым күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтеді

12 сәуір күні ЕҰУ-де Ғылым күніне орайластырылған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен семинар-жиналыс өтеді.

Іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимараты,.Тұңғыш Президент аудиториясы, 208 ауд. өтеді.

Басталуы: сағат 9:00

13 сәуір күні Ғылым күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Бағдарлама бойынша гранттық қаржыландыру жобасы байқауына қатысқан факультеттер, бастаушы ғалымдар мен студенттердің ең үздік ғылыми жұмыстарының тұсаукесерлері (факультеттерде өткізілген студенттік ғылыми жоба қорытындысы бойынша) құрмет грамотасымен марапатталатын болады.

Іс-шараның басталуы: сағат 10:00

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимаратының атриумы.

Кішігірім концерттік бағдарламадан кейін жиналған жұртшылық жаңа ғылыми-зертханалық кешенін тамашалмақ.